
2026 жылғы 15 наурызда елімізде республикалық референдум өтеді. Бұл – әр азаматтың ел болашағына тікелей ықпал ететін тарихи сәті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Құрметті Мойынқұм ауданының тұрғындары!
Ел тағдырына бейжай қарамайтын әрқайсыңызды дауыс беруге шақырамыз. Біздің таңдауымыз – балаларымыздың ертеңі, ауданымыздың дамуы, мемлекетіміздің бағыты.
Референдум – жай ғана рәсім емес. Бұл – халық үнінің естілуі. Әр дауыс маңызды. Бір адамның таңдауы аз көрінуі мүмкін, бірақ мыңдаған азаматтың пікірі елдің келешегін айқындайды.
15 наурыз күні өз учаскеңізге барып, азаматтық ұстанымыңызды білдіріңіз.
Белсенді болайық, бірлігімізді көрсетейік!
Мойынқұм – әрдайым елдік мәселеде алдыңғы қатардан көрінген өңір. Бұл жолы да белсенділік танытайық.