Шығанақ ауылдық округінде әлеуметтік маңызы бар жәрмеңке өтті

Шығанақ ауылдық округінде әлеуметтік маңызы бар жәрмеңке өтті

Мойынқұм ауданының Шығанақ ауылдық округінде тұрғындарға арналған әлеуметтік маңызы бар жәрмеңке ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – ауыл шаруашылығы өнімдерін халыққа нарық бағасынан төмен, қолжетімді бағамен ұсыну және әлеуметтік қолдау көрсету.

Жәрмеңке барысында қой еті, сиыр еті, жұмыртқа және түрлі сүт өнімдері жеңілдетілген бағамен сатылымға шығарылды. Ауыл тұрғындары сапалы әрі тиімді бағадағы азық-түлік өнімдерін сатып алып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Шараға Ермек Карентаев пен аудан әкімінің орынбасары Қуандық Төлеубеков арнайы қатысып, жәрмеңкенің өту барысымен танысты. Аудан басшылығы тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, мұндай әлеуметтік бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

Осындай игі шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылып, халықты қолжетімді бағадағы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.