Биназар ауылдық клубында конституциялық реформа түсіндірілді

Биназар ауылдық клубында конституциялық реформа түсіндірілді

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы жаңа конституциялық реформасын түсіндіру мақсатында Мойынқұм ауданы Биназар ауылдық клубында кездесу өткізілді.

Кездесу барысында конституциялық реформаның негізгі бағыттары мен стратегиялық маңызы жан-жақты түсіндіріліп, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Реформаның елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғаны атап өтілді.

Сонымен қатар, жиын барысында тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Ашық форматта өткен кездесу халықтың жаңа бастамаларға деген қызығушылығын арттыра түсті.

Түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.