
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру жұмыстары аясында Жамбыл ауылы тұрғындарымен кездесу өткізілді. Жиынға шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қатысты.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасында көзделген негізгі өзгерістер мен толықтыруларға жан-жақты тоқталып, олардың елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы, заң үстемдігін нығайтудағы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызы атап өтілді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау, бәсекелестікті арттыру, экономикалық белсенділікті күшейту және жергілікті өзін-өзі басқару институттарын нығайтуға бағытталған бастамалар жөнінде түсіндірме берілді.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді, көкейдегі сауалдарын қойды. Тұрғындар тарапынан реформаның мазмұнына қызығушылық жоғары екені байқалды.
Алдағы уақытта да жаңа Конституция жобасын кеңінен түсіндіру мақсатында халықпен ашық форматтағы кездесулер жалғасын табатын болады.