
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы жаңа конституциялық реформасын түсіндіру мақсатында Балалар шығармашылығы орталығының ұжымымен арнайы кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында реформаның негізгі бағыттары мен стратегиялық маңызы жан-жақты талқыланды. Кездесуге «AMANAT партиясы» аудандық филиалының төрағасы М. Көшкінбаев және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Аманов қатысып, конституциялық өзгерістердің ел дамуына тигізер ықпалы туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Спикерлер өз сөздерінде реформалардың басты мақсаты – заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру екенін атап өтті. Сонымен қатар, қоғамның түрлі салаларын қамтитын жаңашыл бастамалар мен олардың жүзеге асырылу механизмдері түсіндірілді.
Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, сауалдарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Ашық форматта өткен жиын реформаның мазмұнын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.