Жаңа Конституция жобасы кеңінен түсіндірілді

Жаңа Конституция жобасы кеңінен түсіндірілді

«Аманат» партиясы аудандық филиалының төрағасы М.Көшкінбаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Амановтың қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіру мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталығының, аудандық мемлекеттік архивтің және «Құлыншақ» бөбекжай-бақшасының қызметкерлерімен кездесу өтті.

Аталған жиынның негізгі мақсаты – жаңа Конституция жобасында қарастырылған өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызын түсіндіру, олардың ел дамуы үшін стратегиялық рөлін айқындау және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бағытындағы жаңашыл нормаларды жан-жақты талқылау болды.

Кездесу барысында спикерлер жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарына тоқталып, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту мәселелерін кеңінен баяндады. Сонымен қатар, азаматтардың саяси процестерге қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, қоғамдық бақылау институттарын дамыту және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі бастамаларға ерекше назар аударылды.

Жиын барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Спикерлер тарапынан берілген жауаптар арқылы Конституциялық реформаның мазмұны мен оның практикалық маңызы нақты мысалдармен түсіндірілді.

Өз сөзінде аудан әкімі Конституциялық реформаның ел болашағы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Жаңа Конституция – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын негізгі құжат екенін, онда әділетті қоғам құруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған тың бастамалар көрініс тапқанын жеткізді. Сондай-ақ, әрбір азаматтың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуы – елдің тұрақты дамуы мен бірлігінің кепілі екенін ерекше атап өтті.

Кездесу қорытындысында қатысушылар жаңа Конституция жобасын қолдайтындықтарын білдіріп, оны қоғам арасында кеңінен насихаттаудың маңыздылығына тоқталды.