«Мұзарт таудың мұзбалағы – Мұқағали Мақатаев!» атты аудандық поэзия оқулары өтті

«Мұзарт таудың мұзбалағы – Мұқағали Мақатаев!» атты аудандық поэзия оқулары өтті

Көкжелек ауылында қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, «Мұзарт таудың мұзбалағы» атанған Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай аудандық поэзия оқулары байқауы ұйымдастырылды. Тағылымды шара Қызылту ауылдық клубының меңгерушісі Болат Жақсылықовтың бастамасымен өткізілді.

Аудан көлеміндегі мәдени іс-шараның басты мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың бай әдеби мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу болды.

Байқауға ауданның 8 ауылдық округінен барлығы 16 үміткер қатысып, ақиық ақынның жүрек тербетер жырларын мәнерлеп оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар сахна мәдениетін, сөз саптау шеберлігін және өлең мазмұнын терең түсіну деңгейін жоғары дәрежеде көрсете білді. Ақын поэзиясындағы отансүйгіштік, адамгершілік, махаббат пен өмірге деген құштарлық тақырыптары жас өнерпаздардың орындауында ерекше әсер қалдырды.

Байқаудың ашылу салтанатында Қызылтал ауылдық округінің бас маманы А. Серіков пен Мойынқұм аудандық мәдениет үйінің директоры М. Сейділдаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, Мұқағали шығармашылығының ұлттық әдебиеттегі орны мен маңыздылығына тоқталды.

Байқау қорытындысы

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, жүлделі орын иегерлері марапатталды:

🏆 Бас жүлде – Тілеухан Кәусар (Құмөзек ауылы)

🥇 I орын – Кәрібай Нұрмұқасан (Қылышбай ауылы)
🥇 I орын – Совет Әмина (Қарабөгет ауылы)

🥈 II орын – Сейсенқұл Таңнұр (Жамбыл ауылы)
🥈 II орын – Бөрібай Асель (Бірлік ауылы)
🥈 II орын – Мұқан Балнұр (Көкжелек ауылы)

🥉 III орын – Құрманбай Аманғали (Күшаман ауылы)
🥉 III орын – Алматқызы Ұлмекен (А. Назарбеков ауылы)
🥉 III орын – Мұратбек Нұрайым (Құмөзек ауылы)

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлеріне дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табысталды. Қалған қатысушылар да арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына Б. Момышұлы атындағы орта мектеп ұжымы белсенді атсалысты. Сонымен қатар ауыл жастары – Қоғабаев Медет, Ордабай Жайдар, Үсенбеков Арман, округ әкімі Д. Атаев және аудандық мәдениет үйі тарапынан демеушілік көрсетілді.

Мұқағали мұрасын ұлықтауға бағытталған бұл рухани шара аудан мәдениетінің дамуына серпін беріп, жас буынның әдебиетке деген қызығушылығын арттыра түсті. Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға және демеушілерге шынайы алғыс білдіреміз.