
Мойынқұм ауданының әкімі Е. Карентаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіру, оның маңыздылығы мен қоғам үшін стратегиялық мәнін кеңінен насихаттау мақсатында Айдарлы ауылының «Балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымымен кездесу өтті.
Кездесу барысында аудан әкімі Конституция жобасында қарастырылған негізгі өзгерістер мен толықтыруларға жан-жақты тоқталып, олардың ел дамуы мен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі рөлін атап өтті. Сонымен қатар заң үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттілікті нығайту бағытындағы басымдықтар кеңінен түсіндірілді.
Жиын ашық форматта өтіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Кездесу соңында ұжым өкілдері ұсынылып отырған реформалардың маңыздылығын атап өтіп, бастамаларға қолдау білдірді.