Айдарлы ауылында жаңа Конституция жобасы талқыланды

Айдарлы ауылында жаңа Конституция жобасы талқыланды

Мойынқұм ауданының әкімі Е. Кәрентаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру және оның маңыздылығы мен қоғам үшін стратегиялық мәнін кеңінен насихаттау мақсатында Айдарлы ауылы №2 орта мектебінің ұжымымен кездесу өтті.

Кездесу барысында аудан әкімі жаңа Конституция жобасында көзделген негізгі өзгерістер мен толықтыруларға жан-жақты тоқталып, олардың ел дамуы үшін маңызын атап өтті. Сондай-ақ Ата заңның қоғам өміріндегі орны, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі стратегиялық бағыттары туралы кеңінен түсіндірілді.

Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды. Кездесу соңында мектеп ұжымы тарапынан ұсынылып отырған реформаларға қолдау білдіріліп, жаңа Конституция жобасының ел болашағы үшін маңызды екені атап өтілді.