Мойынқұм ауданында жаңа Конституция жобасын түсіндіру бойынша кездесу өтті

Мойынқұм ауданында жаңа Конституция жобасын түсіндіру бойынша кездесу өтті

Мойынқұм ауданының әкімі Е.Карентаевтың төрағалығымен Аудандық электр желілері бөлімінің ұжымымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – Конституция жобасында көзделген өзгерістер мен толықтырулардың мәнін кеңінен түсіндіру, оның ел дамуы мен қоғам үшін стратегиялық маңызын ашып көрсету болды.

Жиын барысында аудан әкімі жаңа Ата заң жобасында қарастырылған бастамаларға тоқталып, олардың елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар, заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және халықтың шешім қабылдау үдерістеріне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Аудан басшысы Конституциялық реформалардың мемлекет болашағы үшін аса маңызды екенін айтып, бұл үдерісте әрбір азаматтың белсенді азаматтық ұстанымы ерекше рөл атқаратынын жеткізді.

Кездесу соңында ұжым мүшелері жаңа Конституция жобасының мазмұнына қатысты өз пікірлерін білдіріп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын қолдайтындарын атап өтті.