Мойынқұм ауданында жаңа Конституция жобасын түсіндіру бойынша «Қазақтелеком» мекемесінің ұжымымен кездесу өтті

Мойынқұм ауданында жаңа Конституция жобасын түсіндіру бойынша «Қазақтелеком» мекемесінің ұжымымен кездесу өтті

Мойынқұм ауданы әкімі Е. Карентаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру мақсатында Мойынқұм аудандық «Қазақтелеком» мекемесінің еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің басты мақсаты – Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген конституциялық реформалардың мазмұнын жан-жақты түсіндіру, ұсынылып отырған өзгерістердің мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесін кеңінен баяндау болды.

Жиын барысында аудан әкімі Е. Карентаев сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасында көзделген негізгі бағыттарға тоқталды. Оның айтуынша, құжатта заң үстемдігін күшейту, билік тармақтарының тепе-теңдігін сақтау, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру секілді маңызды өзгерістер қамтылған.

Сонымен қатар, халықтың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейту, қоғамдық бақылау тетіктерін жетілдіру және мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыруға бағытталған нормаларға да ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында «Қазақтелеком» мекемесінің қызметкерлері белсенділік танытып, ұсынылған реформаларға қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды. Ұжым мүшелері жаңа Конституция жобасының ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтіп, жүргізіліп жатқан өзгерістерге қолдау білдірді.

Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Кездесу соңында аудан әкімдігі тарапынан мұндай ақпараттық-түсіндіру шаралары алдағы уақытта да түрлі еңбек ұжымдарында жалғасатыны айтылды.

Аталған кездесулер тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік реформалардың мәнін терең түсінуге және қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталған.