
Бүгін Конституциялық реформа аясында мәдениет саласының өкілдерімен мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараға музейлер мен тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ сала мамандары қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, жаңа конституциялық нормаларда ұлттық мәдени мұраны сақтау, тарихи ескерткіштерді қорғау, шығармашылық еркіндік пен мәдени әртүрлілікті қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылып отырғаны айтылды.
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі. Осыған байланысты жүргізіліп жатқан конституциялық реформа мәдениет саласының дамуына серпін беріп, сала қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға және оның тиімді жүзеге асуына құқықтық негіз қалыптастыратыны атап өтілді.
Жиын барысында қатысушылар мәдениет ұйымдарының қызметін жетілдіру, мәдени мұраны сақтаудағы заңнамалық тетіктерді күшейту, өңірлік мәдениетті дамыту мәселелері бойынша өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Сонымен қатар, Конституциялық реформаның қоғамдағы әділдік, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталғаны, бұл өз кезегінде мәдениет саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыны айтылды.
Осындай кездесулер алдағы уақытта да жалғасып, мәдениет саласы өкілдерінің реформаның мәні мен маңызын жан-жақты түсінуіне ықпал ететін болады.