
Интернет-алаяқтықтың алдын алу шараларын күшейту және «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Дроп» атты қысқаметражды профилактикалық фильм түсірілді. Аталған туынды қазіргі қоғам үшін аса өзекті мәселелердің бірі — алаяқтық жолмен алынған қаражатты дроперлер арқылы қолма-қол ақшаға айналдыру, сондай-ақ түрлі есепшоттар арқылы аудару схемаларын көрерменге ашық әрі түсінікті түрде жеткізеді.
Фильмде «тез ақша табу» туралы ұсыныстардың артында ауыр қылмыстық жауапкершілік жатуы мүмкін екені нақты өмірлік мысалдар арқылы баяндалады. Көрсетілген оқиғалар ойдан шығарылған емес — бұл күнделікті тәжірибеде кездесіп отырған шынайы жағдайларға негізделген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жобаның басты мақсаты — көрерменді қорқыту емес, ойландыру және құқықтық сауаттылықты арттыру. Әсіресе жастар мен интернет қолданушыларын алаяқтық әрекеттерге араласып кетпеуге, күмәнді ұсыныстардан сақ болуға шақырады.
Фильм арқылы заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайтыны, ал біреудің қылмыстық әрекетіне саналы түрде немесе аңдамай араласу өз болашағына қауіп төндіретіні айқын көрсетіледі.
Азаматтарды сақ болуға, ақпаратты тексеруге және құқыққа қайшы әрекеттерден аулақ болуға шақырамыз.
Заң — бәріне ортақ. Тәртіп — әрқайсымыздан басталады.