
Бейімбетов Қазыбек Бағзатұлы 1972 жылғы 20 мамырда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Жоғары білімді.
1995 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1989 жылы Байтал қаракөл совхозында ферма жұмысшысы болып бастаған.
1995–1996 жылдары Фурманов атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 1996–1997 жылдары Мойынқұм аудандық мәслихатының консультанты болды. 1998–2001 жылдары қайтадан Фурманов атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді.
2001–2006 жылдары М. Әуезов атындағы орта мектебінің директоры, 2006–2007 жылдары Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.
2007–2008 жылдары №8 орта мектебінің директоры, 2008–2010 жылдары Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бастығы, 2010–2012 жылдары Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы болды.
2013–2015 жылдары Өнер және қосымша білім беру мектебінің мұғалімі, 2013–2017 жылдары Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері болып еңбек етті.
2017–2023 жылдары №8 Мойынқұм колледжінің директоры қызметін атқарды. 2025–2026 жылдары аула клубында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
2026 жылғы 9 ақпаннан бастап Бейімбетов Қазыбек Бағзатұлы Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып тағайындалды.