Мұсатаев Руслан Мадиұлы – Шығанақ ауылдық округінің әкімі

Мұсатаев Руслан Мадиұлы – Шығанақ ауылдық округінің әкімі

Мұсатаев Руслан Мадиұлы 1993 жылғы 10 ақпанда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Шығанақ ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Арнаулы орта білімі бар.

2014 жылы Қарағанды автокөлік колледжін «көтергіш көлік, құрылыс жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2015 жылы «Шығыс кен басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде автобаза цехының механигі қызметінен бастаған. 2015–2022 жылдары осы кәсіпорында механик ретінде еңбек етті. 2022–2025 жылдар аралығында «Шығыс кен басқармасы» ЖШС автобаза цехының бастығы лауазымын атқарды.

2025–2026 жылдары «TransService-25» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметін атқарды.

2026 жылғы 9 ақпаннан бастап Мұсатаев Руслан Мадиұлы Шығанақ ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.