
Аудандық мәслихаттың депутаты Ғ. Шубаева Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіру мақсатында Хантау ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Конституция жобасына енгізіліп отырған негізгі өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты баяндалып, олардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі маңызына ерекше назар аударылды.
Депутат өз сөзінде конституциялық реформалардың басты мақсаты – демократиялық қағидаттарды нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және халықтың мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту екенін атап өтті.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, тұрғындар өз ойларын ортаға салып, конституциялық реформаларға қолдау білдірді.