
Аудан әкімі Е. Карентаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіру мақсатында аудан мектептерінің директорларымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Конституция жобасына енгізіліп отырған негізгі өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты баяндалып, олардың білім беру саласына тигізетін ықпалына ерекше назар аударылды.
Аудан әкімі өз сөзінде конституциялық реформалардың басты мақсаты – заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ білім беру жүйесін дамытуға қолайлы құқықтық негіз қалыптастыру екенін атап өтті.
Жиын соңында мектеп директорлары өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, тараптар ел болашағы үшін маңызы зор құжатқа қатысты ашық әрі мазмұнды пікір алмасудың өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар осындай кездесулердің алдағы уақытта да жалғасатыны айтылды.