Мойынқұм ауданында кәсіпкерлерге Конституция жобасы түсіндірілді

Мойынқұм ауданында кәсіпкерлерге Конституция жобасы түсіндірілді

Аудан әкімі Е. Карентаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіру мақсатында аудан кәсіпкерлерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында Конституция жобасына енгізіліп отырған негізгі өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты баяндалып, олардың кәсіпкерлік қызметке тигізер ықпалына ерекше назар аударылды.

Аудан әкімі өз сөзінде Конституциялық реформалардың басты мақсаты – заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ қолайлы кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру екенін атап өтті.

Шара соңында қатысушылар ел дамуы үшін маңызы зор құжатқа қатысты ашық пікір алмасудың өзектілігін атап өтіп, осындай форматтағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.