«Баршаға бірдей мүмкіндік» тренинг-ойын сабағын өткізді.

«Баршаға бірдей мүмкіндік» тренинг-ойын сабағын өткізді.
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылы Абай атындағы орта мектебінде ақпан айының 05 сі күні 10 сынып білім алушыларымен: «Баршаға бірдей мүмкіндік» тренинг-ойын сабағын өткізді.
Мақсаты:
Оқушылар арасында инклюзивтілік мәдениетін қалыптастыру, өзара сыйластық пен түсіністікті дамыту, әрбір адамның қоғамда тең құқық пен тең мүмкіндікке ие екенін ұғындыру.
Өткізілген әдіс-тәсілдер:
Интерактивті ойындар, топтық жұмыс, пікір алмасу, жағдаяттық тапсырмалар, ой қозғау және кері байланыс әдістері қолданылды.
Жеткен нәтиже:
Оқушылар инклюзивті қоғамның маңыздылығын түсініп, бір-біріне құрметпен қарау, қолдау көрсету дағдыларын дамытты. Сабақ оқушылардың белсенділігін арттырып, әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті.
Қорытынды:
Тренинг-ойын сабағы өз мақсатына жетіп, оқушылардың адамгершілік құндылықтарын нығайтуға және толерантты көзқарасын дамытуға мүмкіндік берді.