Аудан әкімдігі мәжілісінде 2025 жылдың қорытындылары мен орындаушылық тәртіп мәселелері қаралды

Аудан әкімдігі мәжілісінде 2025 жылдың қорытындылары мен орындаушылық тәртіп мәселелері қаралды

2026 жылғы 3 ақпан күні сағат 15:00-де аудан әкімдігі жанында кезекті мәжіліс өтіп, күн тәртібіне екі маңызды мәселе шығарылды. Жиында ауданның 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен бюджеттің атқарылуы жан-жақты талқыланды.

 

Алғашқы мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Кенішмов Еркін Әбілұлы баяндама жасап, жыл бойындағы негізгі көрсеткіштерге, жоспарлау жұмыстарының нәтижелеріне және алдағы кезеңге арналған басым бағыттарға тоқталды. Сонымен қатар аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Қазақбаева Лаура Күндақбайқызы бюджет қаражатының орындалуы туралы мәлімет ұсынып, қаржылық тәртіп пен жауапкершіліктің сақталуына ерекше назар аударды.

 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе ретінде орындаушылық тәртіптің жай-күйі қаралды. Аудан әкімі аппаратының басшысы Қазақбайұлы Нүркелді атқарушылық тәртіпті күшейту, тапсырмалардың уақытылы орындалуын қадағалау және жұмыс тиімділігін арттыру қажеттігі жөнінде баяндады.

 

Мәжіліс барысында көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасу өтіп, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалды. Жиын қорытындысында аудан басшылығы жауапты бөлімдер мен мекемелерге белгіленген тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындауды тапсырды.