
2026 жылғы 3 ақпан күні сағат 16:00-де аудан әкімінің төрағалығымен әкімдік ғимаратының 2-қабатындағы мәжіліс залында кезекті аппараттық кеңес өтті. Кеңесте аудан бойынша алдағы кезеңде жүзеге асырылатын басым бағыттар қамтылып, жоспарланған жұмыстарды үйлестірудің нақты тетіктері талқыланды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе ретінде Наурыз айында өтетін мерекелік іс-шаралар жөнінде аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Несіпбаева Жанар Қызырәліқызы баяндама жасады. Ол мерекелік шаралардың мазмұнына, ұйымдастыру жұмыстарының кезеңдеріне және жауапты құрылымдардың міндеттеріне тоқталып, тиісті ұсыныстарын ортаға салды.
Екінші мәселе бойынша ауданның 60 жылдық мерейтойына дайындық барысы қаралды. Аудандық мәдениет үйінің директоры Сейділдаев Мейіржан Сәулебайұлы мерейтой аясында өтетін мәдени-көпшілік іс-шараларды жүйелеу, олардың мазмұнын байыту және ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.
Кеңестің үшінші мәселесі ретінде Жамбыл ауылдық округі бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы тыңдалды. Округ әкімі Қалыбаева Аксана Жамбылқызы өткен жылғы нәтижелерге тоқталып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен жоспарларды таныстырды.
Баяндамалардан кейін сұрақ-жауап бөлімі өтіп, қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылды. Жиын қорытындысында аудан әкімі жауапты сала басшыларына алдағы жұмыстарды жүйелі әрі уақытылы орындауға бағытталған нақты тапсырмалар жүктеді.