Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде мұғалімдер мен оқушыларға арналған «Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы Конституцияның рөлі» тақырыбында білім беру тренингі ұйымдастырылды. Іс-шара Конституция жобасын кеңінен таныстыруға, оның қоғам өміріндегі маңызын ашып көрсетуге және қатысушылардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.
