
Конституцияныңжаңаредакциясынталқылаужәнеәзірлеушамамен жарты жылуақыттыалды.
ІсжүзіндеталқылауМемлекетбасшысы 2025 жылғы 8 қыркүйектеҚазақстанхалқынаЖолдауындапарламенттіреформалаубастамасынжариялағанкезденбасталды.
Осы мақсаттаөткенжылдыңқазанындапарламенттік реформа жөніндегіЖұмыстобықұрылып, олзаңнамағаөзгерістеренгізумәселелеріментұрақтыайналысты.
Соныменбіргепарламенттікреформанықоғамдықталқылау тек Жұмыстобыменшектелгенжоқ. Өткенжылдыңқазанынанбастап e-OtinishжәнеeGovплатформаларындағы «Парламенттік реформа» бөліміарқылыазаматтардан, сарапшыларданжәнеқоғамдықұйымдарданжүздегенұсыныскелді.
Бұданбасқа, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық ұйымдардан қолданыстағы Конституция ережелерін қайта қарауға байланысты 1600-ден астам ұсыныс түсті. Осы негізде Конституциялық реформа жүргізу және Конституциялық комиссия құрутуралы шешім қабылданды.
Мемлекет іске қосқан кері байланыс тетіктері азаматтар тарапынан белсенді қолданылып, Конституциялық реформаға қатысты қоғамның түрлі көзқарастары мен нақты сұраныстарын ескеруге мүмкіндік берді.
Жиналған ұсыныстар жеке-дара емес, біртұтас әрі өзара үйлескен жоба ретінде қаралды. Нәтижесінде жаңарту Конституцияның барлық бөлімін – Кіріспеден бастап конституциялық құрылыс негіздері, сот төрелігі, мемлекеттік басқару және азаматтардың қатысу тетіктеріне дейін қамтыды.
Бұл тәсіл бұрын қолданылған жекелеген әрі бытыраңқы түзетулер енгізу тәжірибесінен бас тартып, жаңа Негізгі заңның тұтас әрі логикалық құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік берді.