Конституциялық комиссияның ашықтығы мен жариялылығы

Конституциялық комиссияның ашықтығы мен жариялылығы

Конституцияға өзгеріс енгізу – мемлекет негізіне және қоғамдық келісімге тікелей қатысты мәселе. Сондықтан оны жабық форматта немесе «тар шеңберде» талқылауға болмайтыны белгілі.

Конституциялық комиссия қызметінің ашықтығын арттыру үшін бірқатар шара қабылданды.

Біріншіден, отырыстар ресми сайт пен Конституциялық соттың әлеуметтік желі парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді.

Екіншіден, комиссия жұмысын жедел жариялау және ақпаратты жинақтау үшін «Конституциялық реформа 2026» деген арнайыTelegram-арна ашылды.

Сонымен қатар комиссия мүшелерінің көбі әлеуметтік желіде белсенді. Олар өз пікірін тікелей немесе БАҚ арқылы жүздеген мыңдаған азаматқа жеткізді.

Осылайша комиссия жұмысы ашық әрі жария форматта өтті, оның қызметі туралы ақпарат барлық қалаған азаматқа қол жетімді болды.

Маңыздысы, тікелей эфир – тек техникалық құрал ғана емес. Бұл қоғамға сенім мен биліктің ашық диалогқа дайын екенінің айғағы.

Мемлекет«Естуші мемлекет» қағидаты мен институционалдық жауапкершілікті жариялаған соң, Конституциялық комиссияның ашық жұмысы осы бағыттың заңды жалғасы болды.

Отырыстардың жария өтуі алып қашпа әңгімелер мен негізсіз болжамдардың алдын алды, азаматтарға ұсынылып отырған нормалардың логикасын түсінуге жол ашты, ең бастысы – қабылданған шешімдердің заңдылығын арттырды.