Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

2025 жылғы 4 желтоқсанда Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мойынқұм Ауданы (@moiynqumakimdigi)

Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, заң талаптарын сақтау қажеттігін түсіндіру, құқық бұзушылықтың түрлері мен оның салдары туралы кеңінен ақпарат беру, сондай-ақ жастарды жауапкершілікке, қоғамдағы тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу.

Іс-шараға аудан әкімдігінің, құқық қорғау және білім саласының өкілдері қатысты. Атап айтқанда:

  • Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Төлеулиев Мейірхан Берікұлы,

  • «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры М. Күнту,

  • аудан прокурорының орынбасары Темірғали Дәулет Лауратұлы,

  • Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Айнақұл Үсен Атақұлұлы,

  • Мойынқұм аудандық білім бөлімінің басшысы Мұқашев Мәлік Мұратәлұлы.

Кездесу барысында спикерлер жастарға заң талаптарын сақтау – әрбір азаматтың басты міндеттерінің бірі екенін атап өтіп, құқықтық сауаттылықтың қоғамдағы маңызын түсіндірді. Сонымен қатар құқық бұзушылыққа жол бермеу, оның алдын алу және жазаның бұлтартпастығы жөнінде нақты мысалдар келтірілді.

«Заң – мемлекет пен азамат арасындағы алтын көпір, ал жастар – елдің болашағы. Сондықтан заңды білу және оны сақтау – әрбір жастың азаматтық парызы», – деген маңызды ой айтылды.

Шара барысында жастар қонақтарға сұрақ қойып, құқықтық бағыттағы толғандырған мәселелері бойынша кәсіби кеңестер алды. Ашық форматта өткен кездесу қатысушылардың белсенділігі мен қызығушылығын көрсетті.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар жастарды қоғамдағы тәртіпті сақтауға, заңды құрметтеп, саналы әрі жауапкершілікпен әрекет етуге шақырды.

Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар аудан көлемінде алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.