Аудан әкімі Ермек Карентаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі Ермек Карентаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін Мойынқұм ауданы әкімдігінің ғимаратында аудан әкімі Ермек Амангелдіұлы Карентаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауға алдын ала жазылған аудан тұрғындары келіп, өздерін толғандырған түрлі әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерін жеткізді. Әрбір азаматтың өтініші мұқият тыңдалып, заң талаптарына сәйкес түсіндірмелер мен ұсыныстар берілді.

Кездесу барысында тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік көмек, жер және су ресурстары, жол жөндеу мәселелерін көтерді.

Аудан басшысы көтерілген әрбір мәселе бойынша жауапты бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалу барысы жеке бақылауында болатынын атап өтті. Сонымен қатар, аудан әкімі тұрғындармен осындай тікелей байланыс орнатудың маңыздылығын айтып, бұл форматтағы қабылдаулардың жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.

Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Алибек Нұрадинов, ауыл әкімдері мен тиісті бөлім басшылары қатысты.

Мақсат – азаматтардың өтініштерін назардан тыс қалдырмай, олардың мәселелерін уақтылы және заң аясында шешу арқылы халықтың билікке деген сенімін арттыру.