
Кәсіпорынның атауы: Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мойынқұм аудандық мәдениет үйінің» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.
Орналасқан жері: 080600. Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Б.Омаров көшесі 13 үй. Телефон + 7 (72642) 2-48-70.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: Аудан тұрғындарына мәдениет бағытындағы қызмет көрсету. Мәдениет, тәрбие, салауатты өмір салтын қалыптастыру және басқа да рухани сұраныстарын жоғары деңгейде толық қанағаттандыру. Аудан тұрғындары арасында мәдени, рухани тәрбиелік мәні бар іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру.
Кәсіпорын директорының лауазымдық жалақысы жеке еңбек шартында белгіленеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 2 жылдан кем емес.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Бюджет кодексін, Еңбек кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» , «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мәдениет туралы» Заңдарын, аталған лауазымға сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының осы кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясын білу.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын бекіту туралы» №70 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында, Мойынқұм ауданы әкімдігінің (https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum) ресми сайтында жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде мына мекенжайға: Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Б.Омаров көшесі 13 үй, Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне өткізуі тиіс. Анықтама телефоны: + 7 (72642) 2-48-70
Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі.
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурс өтетін күні: 19.11.2025 ж.
Конкурстың өтетін орны: Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Б.Омаров көшесі 13 үйдің 2 қабатында өткізіледі.
Конкурсқа жіберілген үміткерлер Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.