Мейірім мен жанашырлықтың күші — Мойынқұмда құжатсыз жүрген ақсақал жеке куәлігіне қол жеткізді

Мейірім мен жанашырлықтың күші — Мойынқұмда құжатсыз жүрген ақсақал жеке куәлігіне қол жеткізді

Құжат – адамның қоғам алдындағы айнасы. Онсыз өмір сүру – өз еліңде өз орныңды жоғалтқандай күй кешу. Осындай қиындықты Мойынқұм ауданының тұрғыны, жасы жетпістен асқан Мусин Малыбаев та ұзақ жылдар бойы бастан өткерді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мойынқұм Ауданы (@moiynqumakimdigi)

1985 жылы Қырғызстаннан туған жері – Мойынқұмға қоныс аударған ақсақалдың үйі 1996 жылы өртке оранып, барлық жеке құжаттары жойылып кеткен. Содан бері ол адал еңбекпен күн кешкенімен, ресми құжатсыз өмір сүруге мәжбүр болды.

Көп жыл бойы шешімін таппай келген мәселе биыл өз шешімін тапты. Мусин Малыбаев Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің басшысы Алмас Садықбайұлы Көпбаевтың қабылдауына келіп, көмек сұраған болатын. Осы сәттен бастап аудан әкімдігі, көші-қон қызметі және полиция бөлімінің бірлескен жұмысының арқасында ақсақалдың Қазақстан азаматы екені дәлелденіп, жеке куәлігі рәсімделді.

Мусин ақсақалдың ризашылық сөзі:

«Құжатсыз өмір өте қиын болды. 1996 жылы үйім өртеніп, бәрі жоғалды. Қайда барсам да, құжат жоқ деп қабылдамады. Енді, міне, жеке куәлігімді алып, зейнетақымды рәсімдеп жатырмын. Маған қолдау көрсеткен аудан әкімі Ермек Карентаевқа, полиция бөлімінің басшысы Алмас Көпбаевқа, көші-қон қызметінің аға инспекторы Жансерік Абикеевке, Бірлік ауылының әкімі Қуаныш Оспановқа және барлық жанашыр жандарға мың алғыс! Осындай халықтың мұң-мұқтажын тыңдайтын азаматтар көп болсын!»

Бұл оқиға – адам тағдырына бейжай қарамай, шынайы жанашырлық танытқан мемлекеттік қызметшілердің еңбегінің айғағы.
Мейірім мен қамқорлық бар жерде – үміт пен сенім де бар.