
Киелі Түркістан қаласында қазақ даласының даңқты ұлы, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы әлем кубогы өз мәресіне жетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Биылғы дүбірлі додаға 14 елден келген 100-ге жуық палуан қатысып, 8 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады. Бұл жарыс ұлттық спорттың абыройын асқақтатып, қазақ күресінің халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға зор үлес қосты.
Жамбыл облысының намысын қорғаған Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылының тумасы Бақдәулет Ерасыл Нұрболұлы 74 келі салмақ дәрежесінде тамаша өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды.
Жерлесіміздің бұл жетістігі – аудан спорты үшін үлкен абырой. Оның табандылығы мен ерен еңбегі жас спортшыларға үлгі болары сөзсіз.
Мойынқұм ауданының тұрғындары мен спорт жанашырлары Ерасылды шын жүректен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық, әрі қарай да жеңісті күндер тілейді.
@bakdaulet_era_ — Ел намысын абыроймен қорғаған палуанымызға сәттілік тілейміз!