Мойынқұм ауданында қысқы дайындыққа арналған шұғыл әрекет ету жасағының дайындығы тексерілді

Мойынқұм ауданында қысқы дайындыққа арналған шұғыл әрекет ету жасағының дайындығы тексерілді

2025 жылғы 29 қазан күні Мойынқұм ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан 2025–2026 жылғы қысқы дайындық кезеңіне байланысты ауданның Шұғыл әрекет ету жасағының дайындығы тексерілді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мойынқұм Ауданы (@moiynqumakimdigi)

Іс-шара Мойынқұм ауылының Орталық алаңында өтті. Тексеру барысында жасақ құрамындағы 15 дана техника мен 45 қызметкердің қыс мезгілінде төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жедел әрекет етуге дайындығы бағаланды.

Шараға Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Қуандық Төлеубеков қатысып, техникалық құралдардың жай-күйімен және жеке құрамның қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға әзірлігін тексерді. Ол төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, барлық қатысушыларға жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Сондай-ақ тексеріс барысында қатысушыларға ауа райының қолайсыз жағдайында (боран, көктайғақ, қатты аяз) халық пен көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимыл алгоритмдері түсіндірілді.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері алдағы қыс мезгілінде туындауы мүмкін жағдайлардың алдын алу мақсатында барлық тиісті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.