
Бүгін Мойынқұм аудандық Мәдениет үйінде 29 қазан – Кәсіпкерлер күні мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Шараға аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Төлеулиев, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкімбаев, кәсіпкерлер қауымдастығының мүшелері мен аудан кәсіпкерлері қатысты.
Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Төлеулиев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келе жатқан кәсіп иелерін мерекемен құттықтап, кәсіпкерлік саласын дамытудағы табыстары үшін бірқатар азаматтарды «Мойынқұм ауданының 60 жылдығы» мерейтойлық медалімен, сондай-ақ аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттады.
Кәсіпкерлерді мерекемен құттықтаған аудандық мәслихат төрағасы Нұртас Саурықов пен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкімбаев жеке кәсіпкерлердің аудан өміріндегі белсенді рөлін атап өтті.
Сондай-ақ, Мойынқұм ауданы кәсіпкерлер одағының төрайымы Лаура Серікбаева өз сөзінде кәсіпкерлерге табыс тілеп, аудан экономикасының дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
Мерекелік шара соңы аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының ән мен күйге, би мен шабытқа толы концерттік бағдарламасына ұласты.
Бұл мереке – ауданның іскер азаматтарына, өз еңбегімен ел дамуына үлес қосқан кәсіпкерлерге деген құрметтің белгісі. Олар жаңа мүмкіндіктер ашып, халыққа қызмет етіп, ауданның өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді.