
Бүгін Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ауданның жаңа прокуроры таныстырылды. Іс-шараға аудан әкімі Ермек Карентаев, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Азамат Күреңкей, сондай-ақ аудандық мемлекеттік органдардың басшылары мен актив мүшелері қатысты.
Жиын барысында Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Азамат Күреңкей аудан прокуратурасының жаңа басшысы болып Бекмұратов Қайсар Мұратұлының тағайындалғанын ресми түрде жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қайсар Мұратұлы Бекмұратов
Білімі:
– М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
– Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
(«Құқықтану» мамандығы бойынша)
Қайсар Мұратұлы 2012 жылдан бері прокуратура органдарында қызмет атқарып келеді. Ол Жамбыл облысы прокуратурасының түрлі басқармаларында және аудандық прокуратураларда жауапты қызметтерде болған. Соңғы тағайындауға дейін Абай облысы Мақаншы ауданының прокуроры қызметін атқарған.
Жиын соңында аудан әкімі Ермек Карентаев жаңа прокурорды құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі. Сондай-ақ, құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету бағытындағы өзара ынтымақтастықты нығайта отырып, бірлесіп нәтижелі жұмыс атқаруға шақырды.
Мойынқұм ауданының жаңа прокуроры Қайсар Бекмұратовқа зор табыс пен еліміздің игілігі жолындағы қызметінде сәттілік тілейміз!