Мойынқұм ауданы полиция бөлімі күшейтілген режимде жұмыс атқаруда

Мойынқұм ауданы полиция бөлімі күшейтілген режимде жұмыс атқаруда

25 қазан — Қазақстан Республикасының Республика күні мерекесіне орай Мойынқұм ауданы полиция бөлімі жеке құрамы күшейтілген қызмет атқару тәртібіне көшті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мойынқұм Полициясы (@moinkum_police)



Мереке күндері аудан аумағында қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етуде. Барлық демалыс және мерекелік іс-шаралар кезінде тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыстарды күшейтті.

Сонымен қатар, мереке қарсаңында полиция бөлімінің қызметкерлері аудан аумағындағы халық көп жиналатын орындарда, саябақтар мен мәдени-көпшілік іс-шаралар өтетін алаңдарда патрульдік қызметті жиілетті.

Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің бастығы тұрғындарды мереке күндері тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға, заң талаптарын орындауға шақырды.