Көмектесу үшін бірігеміз!

Көмектесу үшін бірігеміз!

31 қазан күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында бір мезгілде «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы басталады!

Егер құқық жөнінде сұрақтарыңыз болса және ол жайында сауатты консультация алғыңыз келсе, ҚР үздік сарапшыларынан консультация алу мүмкіндігін пайдаланыңыз.

«Халық заңгері» - мемлекеттік орган өкілдерінің, жетекші заңгерлердің, ҚР адвокаттарының халыққа заң бойынша тегін көмек көрсетуі.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

 

Акцияның өтетін орнын білу, өз қалаңдағы акция сарапшылары туралы ақпарат алу: 

Заңгерлердің білікті көмегін қажет ететін азаматтарды күтеміз!