Табиғатты қорғағандар мен адам өмірін сақтағандар – Мойынқұм мақтанышы!

Табиғатты қорғағандар мен адам өмірін сақтағандар – Мойынқұм мақтанышы!

Бүгін Мойынқұм ауданында Орман шаруашылығы қызметкерлері күні мен Құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шарада аудан әкімі Ермек Карентаев табиғатты қорғау мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында ерекше еңбек еткен орманшылар мен құтқарушыларды марапаттады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мойынқұм Ауданы (@moiynqumakimdigi)

Биылғы жылы Мойынқұм өңірінде жаз айларында дала өрттері жиілеген болатын. Осы қиын сәттерде өртпен арпалысып, талай шаруашылық пен табиғатты аман сақтап қалған мамандар мен еріктілердің еңбегі зор. Олардың батылдығы мен жанқияр еңбегі – нағыз ерліктің үлгісі.

Марапат иелері қатарында орман саласының және төтенше жағдайлар бөлімінің үздік қызметкерлері бар. Оларға «Мойынқұм ауданына 60 жыл» мерекелік медалі, Құрмет грамоталары, Алғыс хаттар мен «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері табысталды.

Салтанатты жиында аудан әкімі Ермек Карентаев өз сөзінде:

“Орман – табиғаттың жүрегі, ал оны қорғаған адам – ұлттың қорғаны. Дала өртімен күресіп жүрген құтқарушылар да, жасыл желекті сақтап жүрген орманшылар да – қоғамның шынайы қаһармандары,” – деп атап өтті.

Табиғатты қорғайтын, елдің тыныштығын сақтайтын осындай ер азаматтарға аудан жұртшылығы атынан алғыс білдірілді.