
Мойынқұм ауданында жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынатын дәстүрлі жәрмеңке ұйымдастырылады.
24 қазан күні сағат 10:00-де Мойынқұм ауылының орталық алаңында өтетін шараға ауданның барлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысады.
Жәрмеңке сөрелерінен тұрғындар аудан шаруаларының ең сапалы және экологиялық таза өнімдерін – ет, сүт, балық және көкөніс өнімдерін қолжетімді бағамен сатып ала алады.
Іс-шараның басты мақсаты – жергілікті өндірушілерді қолдау және тұрғындарға табиғи өнім ұсыну.
Ұйымдастырушылар барлық тұрғындарды жәрмеңкеге келіп, отандық өнімнің сапасын бағалап, ауыл еңбеккерлеріне қолдау көрсетуге шақырады.
Келіңіздер, өз өңіріміздің дәмін бірге бағалайық!