«Таза Қазақстан» – таза табиғат, таза қоғам!

«Таза Қазақстан» – таза табиғат, таза қоғам!

Бүгін Мойынқұм ауданында жалпыреспубликалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мойынқұм Ауданы (@moiynqumakimdigi)

Тазалық шарасына аудан тұрғындары, әкімдікке қарасты мекемелердің қызметкерлері, мектеп оқушылары, белсенді жастар мен еріктілер белсене қатысты. Қатысушылар көшелер мен аулаларды, саябақтар мен қоғамдық орындарды, сондай-ақ арықтар мен өзен арналарының бойын қоқыстан тазартты. Әрбір ұжым мен тұрғын өз аумағын көркейтіп, айналаны абаттандыруға үлес қосты.

Аудан әкімінің бастамасымен өткен сенбілік барысында ауылдық округтерде де ауқымды жұмыстар атқарылды. Жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы полигондарға тасымалданып, кейбір ескі нысандардың маңы ретке келтірілді. Сонымен қатар, қатысушылар ағаш отырғызып, гүлзарларды жаңартты.

Мұндай игі іс-шаралар – туған жерге деген сүйіспеншіліктің, табиғатқа деген құрметтің жарқын көрінісі.
«Таза Қазақстан» акциясы – әр азаматтың өз елінің экологиялық болашағына бейжай қарамай, ортақ іске үлес қосуының айғағы.

Тазалық – мәдениеттің өлшемі, ал табиғатты қорғау – ұрпақ алдындағы борыш!