«Отбасы банк»: Тұрғын үй кезегі жаңа жүйеге өтеді

«Отбасы банк»: Тұрғын үй кезегі жаңа жүйеге өтеді


Жамбыл облысында тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу мен баспана бөлу жүйесі жаңарып жатыр.

2025 жылғы 24 мамырдан бастап, тұрғын үй саясатын орталықтандыру және әділ бөлу мақсатында жаңа заң нормалары күшіне енеді.

Осыған сәйкес, «Отбасы банк» базасында «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық дерекқоры іске қосылады. Бұл жүйе арқылы:

Қазақстан азаматтары мен қандастар табыс деңгейі мен мұқтаждық жағдайына қарай автоматты түрде кезекке алынады;

жалдамалы тұрғын үйлер мен пәтерлер электронды жүйе арқылы әділ бөлінеді;

кезек қозғалысы туралы азаматтарға SMS-хабарлама жіберіліп отырады.

Жаңа жүйе тұрғын үй бөлу саласында ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған.