
Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында 8–11 сынып оқушыларының қатысуымен аудандық полиция бөлімінің мамандарының қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, буллинг пен әлімжеттіктің алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері оқушыларға құқық бұзушылықтың салдары, қоғам мен жеке тұлға өміріне тигізер әсері туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылық, интернеттегі қауіпсіздік, мектеп аумағында және сабақтан тыс уақытта өзін-өзі ұстау мәдениеті туралы да мағлұмат берілді.
Мамандар арнайы бейнероликтер көрсетіп, нақты мысалдар арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, түрлі жағдайлар орын алған кезде қайда және кімге хабарласу керектігі, құқық қорғау органдарына жүгінудің жолдары туралы ақпарат берілді.
Кездесу соңында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің бойында жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.