
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес, аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі әрбір жартыжылдықта өтіп тұруы тиіс.
Осы орайда аудан әкімі Ермек Карентаев Хантау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – тұрғындардың күнделікті өміріне қатысты өзекті мәселелерін тыңдап, оларды шешу бағытында нақты шаралар қабылдау болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кездесу барысында ауыл тұрғындары ауыз су тапшылығы, мектеп қазандығының тозуы және мектеп шатырының жөндеуді қажет етуі секілді маңызды мәселелерді көтерді.
Аудан әкімі Ермек Карентаев тұрғындардың өтіністеріне мұқият назар аударып, көтерілген мәселелердің барлығы назардан тыс қалмайтынын айтты. Тиісті бөлім мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, мәселелердің шешілу жолдары талқыланды.
Сұрақтардың басым бөлігіне сол жерде нақты жауаптар берілді. Ал қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер хаттамаға енгізіліп, жауапты мекемелерге тапсырылды. Бұл мәселелердің орындалуы аудан әкімінің жеке бақылауында болатыны атап өтілді.
Кездесуге аудан әкімдігінің бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдігі мен ауыл тұрғындары қатысты.
Жиын соңында Ермек Карентаев тұрғындарға белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтып, жергілікті атқарушы органдар халықпен тығыз байланыста жұмыс істей беретінін жеткізді.