Қызылтал тұрғындарымен ашық кездесу өтті

Қызылтал тұрғындарымен ашық кездесу өтті

Бүгін Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаев Қызылтал ауылдық округінің халқымен ашық форматта кездесті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімі мен тұрғындар қатысты.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда:

  • ауыз су тапшылығын шешу,

  • ауылға заманауи спорттық алаң салу,

  • көшелерді толықтай асфальттау,

  • мектепке күрделі жөндеу жүргізу немесе жаңа мектеп салу мәселелері сөз болды.

Аудан әкімі Ермек Карентаев:
🔹 Ауыз су мәселесіне қатысты қазіргі уақытта мердігер компаниямен сот процесі жүріп жатқанын, алайда оған қарамастан аудан өз күшімен бұл мәселені шешуге барынша күш салатынын айтты.
🔹 Спорттық алаң салу мәселесі алдағы уақытта жеке инвесторлардың қолдауымен жүзеге асатынын жеткізді.
🔹 Жолдарды асфальттау жұмыстары кезең-кезеңімен жалғаса бермек.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мойынқұм Ауданы (@moiynqumakimdigi)

Сонымен қатар әкім тұрғындар көтерген әр мәселе назардан тыс қалмайтынын айтып, тиісті бөлім басшылары мен ауыл әкімдігіне нақты тапсырмалар берді.

Кездесу соңында тұрғындар өз пікірлерін білдіріп, бірқатар ұсыныстар айтты.
Мұндай ашық диалог алаңдары халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, жергілікті деңгейдегі мәселелердің дер кезінде әрі тиімді шешілуіне жол ашады.