Мойынқұм ауданында терроризмнің алдын алу мәселелері талқыланды

Мойынқұм ауданында терроризмнің алдын алу мәселелері талқыланды

Мойынқұм аудандық әкімдігінде аудан әкімі Ермек Карентаевтың төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары және жауапты сала мамандары қатысты.

Күн тәртібінде терроризмнің алдын алу тақырыбындағы екі маңызды мәселе қаралды. Мекеме басшылары өз бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, орын алып отырған ахуалға талдау жасады. Терроризмнің алдын алу – бүгінгі қоғам үшін аса өзекті мәселе екені атап өтілді. Бұл бағытта тек құқық қорғау органдары ғана емес, бүкіл мемлекеттік құрылымдар мен тұрғындардың да ортақ жауапкершілігі бар екені баса айтылды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мойынқұм Ауданы (@moiynqumakimdigi)

Отырыста баяндалған ұсыныстар негізінде нақты шешімдер қабылданып, тиісті мекемелерге хаттамалық тапсырмалар берілді. Әрбір тапсырманың орындалуы аудан әкімдігі тарапынан қатаң бақылауға алынатыны жеткізілді.

Жиын қорытындысында аудан басшысы қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекет саясатының басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Терроризмнің алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатыны айтылды.