2025 жылғы 20 тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.
ҚХА Төрағасының орынбасары Солтүстік Қазақстан облысында өткен ҚХА-ның XXIX сессиясына қатысты.
Іс-шара барысында Мемлекет басшысы ҚХА-ның XXXIV сессиясында айқындаған тапсырмаларын іске асыру, жалпыұлттық бірлікті нығайту, ақпараттық-түсіндіру жұмысының тиімділігін арттыру, азаматтық қоғам институттарын ҚХА жобаларын жүзеге асыруға тарту, сондай-ақ этномедиация институтын дамыту мәселелері талқыланды.