Астана қаласының Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті

Астана қаласының Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті

2025 жылғы 22 тамызда елордадағы Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Акцияның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық қарсаңында «Бақытты шаңырақ» ҚҚ мен «Ерекше балалардың ата-аналары одағы» РҚБ балаларына материалдық көмек көрсету.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Азильханов, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ, сондай-ақ елордалық АНК мүшелері қатысты.

Елордадағы этномәдени бірлестіктер мүшелері мен Аналар кеңесінің қаржылық қолдауымен өткен қайырымдылық акциясы аясында 100-ден астам бала мектеп сөмкелерімен және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар Достық үйіне шақырылған балалар үшін мәдени-ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Айта кетейік, елордалық АНК бұл акцияға жыл сайын қатысады.