Жамбыл облысында жастар этносаралық келісімді нығайтуға белсене атсалысуда

Жамбыл облысында жастар этносаралық келісімді нығайтуға белсене атсалысуда

2025 жылдың алғашқы жартысында Жамбыл облысында этносаралық келісім мен толеранттылықты дәріптейтін маңызды жастар жобалары жүзеге асты. Бұл бастамалар көпұлтты қоғамда бейбіт өмір сүру мәдениетін күшейтіп қана қоймай, жастардың қоғамдық белсенділігін де арттыра түсті.

Өңірлік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі ІІ тоқсанда 38 іс-шара өткізіп, 9 мыңға жуық жас өспірімді қамтыды. Форумдар, тренингтер, шығармашылық кездесулер мен мәдени-көпшілік шаралар этносаралық диалогты дамытуға, өзара құрмет пен түсіністікті нығайтуға бағытталды.

Сонымен қатар, жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеуді көздейтін «Жаңа толқын» жастар жобасы да өңірде кең қолдау тапты. Қаңтар-ақпан айларында 16 іс-шара ұйымдастырылып, 5 мыңнан астам жасқа қатысу мүмкіндігі берілді. Жоба аясындағы жұмыстар жастардың патриоттық сезімін оятып, азаматтық ұстанымын айқындай түсті.

«Ассамблея жастары» мен «Жаңа толқын» жобаларының жүзеге асуы – Жамбыл жастарының этносаралық татулық пен қоғамдық келісімге қосып отырған елеулі үлесінің айғағы. Бұл бастамалар елдегі көпэтносты қоғамның бірлігін сақтауда жастардың әлеуетін тиімді пайдаланудың нақты мысалы болып отыр.