
Бүгін Мойынқұм ауданында салық қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Алибек Нурадинов салық қызметінің мамандарын құттықтап, олардың ел дамуына қосып жатқан үлесін ерекше атап өтті.
«Сіздерді кәсіби мереке – Қазақстандағы салық қызметі органдары қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын. Сіздің кәсібилігіңіз, іске жауапкершілікпен қарауыңыз, табандылық пен бұзушылықтарға төзбеушілік – ішкі кірістер қызметі алдында тұрған маңызды міндеттерді сәтті шешуге мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялар мен басқарудың заманауи әдістерін белсенді енгізе отырып, салық төлеушілермен жұмысты одан әрі жетілдіретініңізге сенімдімін. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық бақыт, тұрақты, табысты және жемісті еңбек тілеймін», – деді ол өз құттықтау сөзінде.
Салтанатты шара барысында сала ардагерлері мен үздік қызметкерлер еңбектері үшін аудан басшысының марапаттарына ие болды. Ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін және 14 тамыз – Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні кәсіби мерекесіне орай Нуртаева Шекер Бейісбайқызы – Мойынқұм ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының есепке алу, талдау, құқықтық және жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы ауданға сіңірген еңбегі үшін төсбелгісімен марапатталды.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі үшін және кәсіби мереке қарсаңында аудан әкімінің «Мойынқұм ауданына 60 жыл» мерекелік медалімен наградталды:
Сырымбетов Калыбек Тлеукулович – зейнеткер, еңбек ардагері
Толегенов Орынбет Кобейович – зейнеткер, еңбек ардагері
Ошакбаев Есембек Аскарович – зейнеткер, еңбек ардагері
Куздеубаев Болысбай – зейнеткер, еңбек ардагері
Рахимова Наташа Сабыркуловна – зейнеткер, еңбек ардагері
Байтик Бакыт – Мойынқұм ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы
Байгонысова Айзат Шарханқызы – басқарманың бас маманы
Сонымен қатар аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» Пойызбек Магауия Маратханұлы – салық төлеушілермен жұмысы бөлімінің басшысы және Санракбаева Гульмира Султановна – басқарманың бас маманы марапатталды.
Ал аудан әкімінің Алғыс хатымен Айбас Сара Бердығұлқызы мен Байқозы Ақжарқын Қайсарқызы – басқарманың бас мамандары марапатталды.
Марапат иелерінің ішінде салада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, зейнетке шыққан Сырымбетов Калыбек Тлеукулович те бар. Ол көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, салық саласында атқарған еңбегін елеп, бағалаған аудан басшылығына алғысын айтты.
Бұл марапаттар – салық саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың қажырлы еңбегіне берілген әділ баға. Жиында сөз алғандар мемлекеттің экономикалық тұрақтылығы мен дамуы салық қызметкерлерінің адалдығы мен кәсібилігіне тікелей байланысты екенін атап өтті.