Бірлікте өткен волейбол додасы ауыл рухын көтерді

Бірлікте өткен волейбол додасы ауыл рухын көтерді

1 тамыз — Спорт күніне орай Бірлік ауылында волейболдан аудандық жарыс өтті. Бұл шара Айдарлы мен Бірлік ауылдарының спорт нұсқаушылары және белсенді жанашыр Керімбекова Айманның бастамасымен ұйымдастырылды.
Айта кетерлігі, биылғы жарыс аралас құрамда — қыздар мен ұлдардан жасақталған сегіз команда өзара бақ сынады. Тек жергілікті ұжымдар ғана емес, көршілес Шу ауданынан да екі команда арнайы келіп, сайыстың аясын кеңейтті.

Жарыстың ашылу салтанатында Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының директоры Темірхан Жұмағұлов құттықтау сөз сөйлеп, спорттың ел бірлігі мен татулығын нығайтудағы рөліне ерекше тоқталды.

Жарысқа төмендегі командалар қатысты:

  • Жастар орталығы (Шу)

  • Шу қалалық командасы

  • Мойынқұм

  • Мойынқұм жастары

  • М.Жұмабаев атындағы мектеп

  • Айдарлы ауылы

  • Шығанақ ауылы

  • Қылышбай ауылы

Тартысты өткен ойын барысында командалар жоғары спорттық шеберлікпен қатар, ұйымшылдық пен достықтың үлгісін көрсетті. Әр ойын көрерменге ерекше әсер қалдырды.

Нәтижесінде:
🥇 1-орын — Шу қаласы
🥈 2-орын — Жастар орталығы (Шу)
🥉 3-орын — Айдарлы ауылы

Жеңімпаздар аудандық спорт бөлімі тарапынан грамота, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл жарыс ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, бұқаралық спорттың дамуына жаңа серпін берді.