Қылышбай ауылының тұрғындары үшін еңбекқорлық пен жомарттық — Ардақ Омарұлы Исабековтың басты қасиеттері. Ардақ жастайынан еңбекке араласып, туған ауылына адал қызмет етіп келеді. Әкесі, марқұм Омар Исабеков, осы өңірде алғашқылардың бірі болып шаруа қожалық ашып, егіншілік пен мал шаруашылығын қолға алған жан еді. Бүгінде сол әке жолын жалғаған Ардақ Омарұлы қожалықты дөңгелетіп, төрт түлік өсіріп, жердің берекесін арттыруда.
Ардақ ауыл тұрғындарына үнемі қолдау көрсетіп, қыстық мал азығын дайындауда, ауылға қажетті түрлі шараларда өзінің техникасымен, қаржысымен көмек беріп келеді. Оның елге, жерге деген жанашырлығы ауылдың әлеуетін арттыруға сүбелі үлес қосуда.
Сонымен қатар, Ардақ Омарұлы өзі мүше болып табылатын "AMANAT" партиясының бастамаларына да белсене қатысып жүр. Жуырда партияның аудандық филиалының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 115 мың теңге көлемінде демеушілік жасап, ғимараттың екінші қабатындағы бөлмелердің еденіне жаңа линолеум төселуіне сеп болды.
Партия аудандық филиалы атынан Ардақ Омарұлына шынайы алғысымызды білдіреміз. Осындай азаматтың жақсылығы жұртқа үлгі, жолы әрдайым ашық болсын дейміз. Алдағы уақытта да еңбегіңіз жана берсін, табысыңыз молайсын!