2025 жыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл бастама – еңбек нарығындағы сұранысқа ие техникалық және жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеруге, жастарды осы салаға баулуға, білікті мамандарды даярлауға бағытталған.
Осыған орай, Мойынқұм ауданында нақты шаралар қолға алынуда. Кәсіби бағдар беру, жастардың болашақ мамандықтарын саналы таңдауға, мамандықтардың маңыздылығы мен мәнін түсіндіру мақсатында №8 Мойынқұм колледжінде аудан мектептерінің 9-11 сынып оқушылары мен 34 жасқа дейінгі жұмыссыз, NEET санатындағы жастарға арналған ашық есік күні ұйымдастырылды.
Шара барысында колледждің техникалық мамандықтары мен оқу бағыттары таныстырылып, болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңызы түсіндірілді. Жастар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, тәжірибелік сабақтарға қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Мұндай кездесулер жастарды сұранысқа ие кәсіптерге бағыттап, болашаққа нық қадам жасауға жол ашады.