Мойынқұм ауданында БАҚ қызметкерлері марапатталды

Мойынқұм ауданында БАҚ қызметкерлері марапатталды

28 маусым күні Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ермек Карентаевтың қатысуымен Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты қабылдау өтті.

Қабылдау барысында аудан әкімі өңірдің ақпараттық кеңістігін дамытуға сүбелі үлес қосып жүрген БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғысын білдірді.

Салтанатты жиында облыс әкімінің құрмет грамотасы Наурызбаева Гүлмира Лесбекқызына, облыстық мәслихат төрағасының құрмет грамотасы Әлімбетова Арай Серікқызына табысталды. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Мойынқұм ауданына 60 жыл» мерекелік медалімен Несіпбаева Жанар Қызырәліқызы мен Алиева Назгүл Мешітбайқызы марапатталды.

Ақпарат алаңындағы абыройлы еңбегі үшін Аманқұл Дастан Нұрғазыұлы аудан әкімінің құрмет грамотасымен, Батай Бақыткүл Тұрысбекқызы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.